Жемқорлар ұрлаған ақша Қазақстанның мұнайдан тапқан бар табысынан 2 есе көп. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Азат Перуашев айтты. Ол Премьер-министр Асқар Мамин мен Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовке сауал жолдады. «Сыбайлас жемқорлық – Қазақстанның қазіргі басты проблемасы. Жемқорлар ұрланған қаржыны шетелде жасырып үлгеруге тырысады. Олар сотталса да, 1-1,5 жылдан кейін, мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шығуды, жасырған капиталына қол жеткізуді көздейді»,- деді депутат.
Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Қазақстаннан офшорларға 160 миллиард доллардан астам ақша заңсыз шығарылған. Былайша айтқанда, жемқорлар ұрлаған қаржы Қазақстанның тәуелсіздік жылдары мұнай сатудан жинаған қаражатынан екі есе көп. Сондықтан, бұған дейін ұрланған ақшаны қайтару ғана емес, шетелге заңсыз капитал шығарудың алдын алу да маңызды.
Индира БЕГАЙДАР