Былтыр бюджеттің игерілуі 99,99% болды. Бұл туралы Сенатта Үкіметтің 2018 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін таныстыру барысында айтылды. Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасына 107 миллиард теңге бағытталды. 9 трилион 637 миллиард теңгеге 12 мемлекеттік бағдарламаның, 36 стратегиялық бағыттың 328 бюджеттік бағдарламаның жүзеге асырылуына жұмсалды. Әлеуметтік шығыстардың үлесі артқанымен, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мәселесі шешілмеді дейді депутаттар
Әли Бектаев, ҚР парламенті сенатының депутаты:
Сот процесстерінің созылуына байланысты мүгедектер жарты жылға дейін тиісті жабдықтарын ала алмай жатады. Кейбір кезде осы мүгедектерді қамтамасыз етуде тендер деген нәрсенің қажеті бар ма жоқ па деп ойлайсың. Оларды оқыту кезінде де, оңалту кезінде де проблема көп. Менің сұрағым, осы мүгедектерге қатысты бағдарлама қабылдана ма?
Электронды жүйеге ауыстырамыз ба деп жатырмыз. Қаржы министрлігімен жұмыс жүргізіп, оларға арналған портал жасаймыз.
Индира БЕГАЙДАР