Түркістан облысының Жетісай ауданындағы 6 елді мекенге газ құбыры тартылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысының Жетісай ауданындағы 6 елді мекенге газ құбыры тартылмақ

21.05.2019

Тұрғындар келесі айдан бастап көгілдір отынның игілігін көреді. Көмір тасып, күл шығарудың  азабанынан құтылған бұл ауылдарда 4 мыңнан астам халық тұрады.

Былтыр басталған газ құбырын тарту құрылысынаоблыс қазынасынан  қаржы бөлінді. Бұл ақшаға  іргедегі газ тарату қондырығысынан ауыл-ауылға құбыр тартылды.

Жалпы, Өзбекстанмен шекаралас жатқан Жетісай ауданында елді мекендерді табиғи газбен қамту ісі қарқынды жүріп жатыр. Бүгінгі таңда аймақтағы 106  елді мекеннің тең жартысына жуығы өркениет игілігіне қол жеткізген.

Ал, абоненттер саны бойынша тұрғындардың 80 пайызға жуығы көгілдір отын жағып отыр. Биыл олардың қатары тағы 900-дей отбасымен толықпақ.

Мырзабек Әбішев, Жетісай ауданы әкімдігі тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы:

Биылға бізге қарайтын тағы да 4 елді мекенге республикаық  бюджеттен қаржы қарастырылды. Қазіргі кезде конкурс өтіп жатыр. Ертең мердігерлері анықталған соң,тағы 4 елді мекенде газ құрылысы жүретін болады. 

Ғани ҚАЛМАХАН

Хабарламаларға жазылу