Шығысқазақстандық Талғат Чүпенов көп жылдан бері өсімдік шаруашылығымен айналысып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығысқазақстандық Талғат Чүпенов көп жылдан бері өсімдік шаруашылығымен айналысып келеді

20.05.2019

Көкөніс өсіру арқылы көл-көсір пайдаға кенелуге болады. Ерте көктемнен күзге дейін ерінбей еңбек етіп, ішкі нарықты отандық өніммен қамтып отырған диқандардың бірі шығысқазақстандық Талғат Чүпенов. Күршім ауданының тұрғыны көп жылдан бері өсімдік шаруашылығымен айналысып, біраз ауылдасын жұмысқа тартып жүр. Жылыжайдағы температураны реттеу үшін өзіндік әдіс-тәсіл де жасап шықты. 


Күршім дегенде көп адамның көз алдына қарбыз елестейді. Өйткені, бұл жеміс – осы өңірдің брендтік өнімі. Бірақ, ебін тауып баптай білсе, жері шұрайлы ауданда көкөністің көп түрін өсіруге болады. Осы шаруашылықта соңғы 2 жылдан бері еңбек етіп жүрген Бақытгүл Қалиева бұл пікірді бірден растады.

 
Бақытгүл Қалиева, жұмысшы:


Талғат Чүпеновтың өсімдік шаруашылығымен айналысқанына 20 жылдан асқан. Аудан бойынша көкөністі ең көп өсіретін кәсіпкерлердің бірі.  Айтуынша, ерте көктемнен жұмысқа білек сыбанып кіріскен бағбан күзде мол өнім жинайды. 

Талғат Чүпенов, шаруа қожалығының басшысы:


Ең қиын кезең ол наурыз, сәуір, мамыр айы. Ары қарай жеңілдеу, бәрі өседі. Жұмысшылар бар, өнімді теріп, қалаға таси береміз. Биыл қызанақтан 70 мың түп, қиярдан 20 мың түп салдық.  


Бұл шаруашылықта қызанақ пен қиярдан бөлек, жүгері мен қауын да өсіріледі. Өнімді ерте жинап, Өскемен нарығына жөнелту үшін бірнеше жылыжай салынған. Олардың тек екеуінде ғана күн суықта пеш жағылады. Ал қалғандарында, қазіргі заман тіліменн айтқанда, «лайфхак» қолданылады. 

Пеші жоқ жылыжайдың ішінде айналдыра міне, осындай су құйылған 5 литрлік құтылар қойылған. Бұл жердегі жұмысшылар оларды "жылу аккумуляторы» деп атап жүр. Яғни, мұндағы су күні бойы қызады және түнде жылыжай ішіндегі жоғары температураны қалыпты деңгейде ұстап тұруға септігін тигізеді. 

Бүгінде Күршім ауданында 30 мың гектарға жуық егістік алқабы бар. Биыл 1 мың гектарға қауын-қарбыз егіледі. Көкөніс және өзге де дақылдар өсетін алқаптардың көлемі жыл сайын көбейіп келеді. 


Дулат Қажанов, Күршім ауданының әкімі:


Дәнді дақылдар 5 мың гектар, майлы дақылдар 5 мың гектар, 1,5 мың гектар жерге картоп салынады. 16 мың гектар жем-жөп дайындау мақсатында игеріледі. Қазіргі уақытта өзіміздің брендіміз – қарбызды егу жұмыстары жақсы жүріп жатыр.

Күршім ауданындағы диқандар өз өнімін негізінен Өскемен қаласына  әкеліп сатады. Талапты еңбек оларды табысқа жеткізеді. Сонымен қоса, қарапайым шаруалар Шығыс өңіріне еліміздің өзге аймақтарынан тасымалданатын өнім бағасының шарықтамауына өз үлесін қосып отыр. 


Берік КӨШЕРБАЙ

Хабарламаларға жазылу