№1 балалар үйінің қабырғасындағы «Кадет сыныбының» алғашқы түлектері марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

№1 балалар үйінің қабырғасындағы «Кадет сыныбының» алғашқы түлектері марапатталды

17.05.2019

Алматыдағы Шекара қызметі академиясы, №1 балалар үйінің қабырғасындағы «Кадет сыныбының» алғашқы түлектерін марапаттады. Былтыр ашылған арнайы әскери-патриоттық пәнді 20 бала оқып, аяқтады.

Сабақта үздік шыққан жас кадерттерге әскери прокуратура мен «Жас сарбаз» қозғалысының өкілдері бағалы сыйлықтарды табыс етті. Бір жылда балаларға әскери форма беріліп, оқу кестесіне сәйкес полигондарға апарып, тәжірибелік сабақтар өткен.

Темірдей тәртіпті талап етті саланың қыры мен сырына қаныққан оқушылардың ішінде - әскер сапында жұмыс істегісі келетіндер көп. Мәселен, осы сыныпты тәмамдаған бір оқушы биыл «Жас Ұлан» әскери мектебіне оқуға түскен.

Тілекжан Сәткен, Алматы гарнизоны әскери прокуратурасының бас әскери прокуроры:

Біздің оқушы-кадеттер әскери танымдарын кеңейтті деп ойлаймыз. Өйткені, полигондарға барып, қару ұстап оқ атып көрді. Менің ойымша, бұл оларға қызықты болды. Бір жағынан сабақ, екінші жағынан ойын түрінде өткіздік. Сондықтан, біз осы сабақтарды келер жылы да жалғастырмыз.

Аманкелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу