Шекара қызметі жас сарбаздармен толықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шекара қызметі жас сарбаздармен толықты

14.05.2019

Биыл «Көктем-2019» шақырылымына сәйкес, мерзімді қызметін өтеуге келгендер әскери ант қабылдады. 200-ге жуық сарбаз ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі академиясына қарасты саптық алаңға осыдан 40 күн бұрын келген. Мұндай жауапты қадамға алдын ала дайындалған жас жауынгерлер жиналған қауым алдында салтанатты шерумен өтті.

Шарада қалыптасқан дәстүр бойынша, ант қабылдаумен қатар, жауынгерлік қару табыстау рәсімі де болды. Әр өңірден жиналған жастардың қатарында жоғары, орта кәсіптік техникалық білім алғандар бар. Болашақ шекарашылар енді әскери даярлық, жауынгерлік, саптық дағдыларды үйренеді.

Еркебұлан Алданышов, жас сарбаз:

- Әскери ант қабылдағаныма өте қуаныштымын. Бұл әр сарбаз үшін өте маңызды, жауапты кезең. Осы сәттен бастап біз отан қорғаушы атанамыз. Отан алдындағы борышымды өтеп болғаннан кейін, осы жерде қалып, әрі қарай қызмет етуді жоспарлап отырмын. Бүгін ата-анамыз, туған-туыстарымыз келіп отыр.

Қарасай НҰРХАН

Хабарламаларға жазылу