Картоп өсірумен айналысатын қала іргесіндегі серіктестік бақша көлемін өткен жылғы межеден асырмақ. Бұл жолы 220 гектарға картоп отырғызды. Пияздың алқабы өткен жылы 27 болса, биыл 40 гектарға дейін ұлғайтылды. Қосымша сәбіз, орамжапырақ, қызылша және 6 гектар басқа да бақша дақылдарын егу жоспарланған.
Мамандардың айтуынша, шаруашылықта израильдік технология бойынша тамшылатып суару әдісі қолданылатын болады. Бұл әдіс осы уақытқа дейін өзінің тиімділігін көрсетіп берген.
Степан Гайдарь, ЖШС директоры
- Біз 2008 жылдан бері тамшылатып суару әдісін қолданамыз. Нәтижесінде суармалы жерлерді ұлғайттық. Өзендерде биыл судың көлемі аз екенін ескерсек, бұл әдіс суды үнемдеуге де жақсы. Қазірден бастап тұрақтандыру қорымен, ірі сауда желілерімен келісімге тұрдық. Өзімізде голландиялық технология бойынша жасалған 3,5 мың тонналық көкөніс қоймасы бар. Өткен жылы әрқайсысы 1700 тонна көкөніс сақтауға мүмкіндік беретін тағы да екі қойманы жасақтадық.
Жақсыбек КЕМАЛ