Алматыда 38 отбасы баспаналы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 38 отбасы баспаналы болды

08.05.2019

Олар - «Толық емес отбасы» санаты бойынша мемлекеттен берілетін үй кезегінде тұрған азаматтар. Пәтерлердің кілттері «Бақытты отбасы» орталығында ресми түрде табыс етілді. Оған тұрғындар «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында қол жеткізіп отыр. Оның ерекшелігі сол - пәтерлердің құны мен несие бойынша пайыздық мөлшерлемесі төмен.

Сонымен бірге, қазір көпбалалы мен аз қамтылған отбасыларға арналған «Бақытты отбасы» бағдарламасы да іске асып жатыр. Соның нәтижесінде биыл 44 шаңырақтың банк шоттарына пәтер алу үшін бастапқы жарнаны өтеуге 1 млн теңге көлемінде қаражат аударылды.

Ермек Әміров, қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасының бөлім басшысы:

- Бұл бағдарлама бойынша бүгінгі таңда 38 үйге кілтті бердік. Енді жылдың аяғына дейін дәл осы бағдарлама бойынша тағы да осы санатқа 200-ден артық пәтер береміз деп болжам жасап жатырмыз.

Аманкелді СЕЙТХАН

Хабарламаларға жазылу