Бұл дегеніңіз - 5356 отбасының талап-тілегі орындалды деген сөз. Тиісті қаражат есепшоттарға аударылған. Бірақ көмекке мұқтаж жандар әлі де бар.
Күні бүгінге дейін 5500-ден астам өтініш түскен. Олардың бәрі де аяқсыз қалмайды. Өңірде жалпы 7 мыңға жуық көпбалалы отбасы бар. Жәрдемақы алу үшін тіркеу тәртібі жеңілдетілді.
Ділдәш Ысқақова, облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары:
- Заң бойынша тұрғылықты жерінде тіркелуі керек қой әр азамат. Бірақ та атаулы әлеуметтік көмек тағайындаған жағдайда егер отбасы тіркеуде Орал қаласында тұрып, ауданда уақытша тіркеуге тұратын болса, ол ауданнан атаулы әлеуметтік көмекке жүгіне алады.
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ