Израиль мен Газа секторы бір-біріне шабуыл жасап, соның салдарынан 4 израильдік пен 19 палестиналық мерт болды. Құрбандардың көбі - бейбіт тұрғындар. Израиль әскерінің айтуынша, Газа секторынан 600-ден астам зымыран жіберілген. Ал, Израиль Газадағы содырлардың 260-тан артық нысанын бомбалады. Еврей мемлекетінің авиациялық шабуылдары ХАМАС және «Ислам джихады» топтарына бағытталған.
Соңғы мәліметтер бойынша, бұл операциядан осы қозғалыстардың сегіз мүшесі қаза тапты. Тараптар арасындағы әскери жанжал екінші күнге ұласып отыр. Ал, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху әуе соққыларын әрі қарай жалғастырып, радикалдардың көзін жоятындығын ескертті.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ