Ауған соғысының ардагерлері ұйымдастырған игі бастама биыл оныншы рет өтті. Тазалау жұмыстарына әскери-техникалық мектеп-интернатының түлектері, жоғары оқу орындары студенттері, мектеп оқушылары мен патриот жастар қатысты. Олар қабірлердің майысқан темірлері мен құлаған кірпіштерін қалпына келтіріп, аумақты қоқыстардан тазалады.
Сонымен қатар, майданда қан төккен жауынгерлердің рухына құрмет көрсетіп, гүл шоқтарын қойды. Айта кетейік, бүгінде орталық зиратта 200-ден астам ардагер жерленген.
Әлібек Длимов, республикалық әскери-техникалық мектебінің оқытушысы:
-Ардагерлерге тағзым ету мақсатында шараға қатысып жатырмыз.
Қарасай Нұрхан