Мәжіліс депутаттары Атырау облысының Махамбет ауданындағы шаруашылықтардың жұмысымен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс депутаттары Атырау облысының Махамбет ауданындағы шаруашылықтардың жұмысымен танысты

03.05.2019

Мұнда 160 гектар аумақта алма бағы жайқалып өсіп келеді. 2 жылдан бері лимон да жеміс беруде. Былтыр 100 келі лимон терілді. Биыл өнім көлемін 1 тоннадан асыру көзделіп отыр. Жұмыс барысымен танысқан халық қалаулылары жаңадан қабылданған заңдарды кәсіпкерлердің қаперіне салды.

Кейін мәжілісмендер өткен жылы ел игілігіне берілген ұзындығы – 860 метрлік ерекше әдіспен салынған көпірді көрді. 180 тонна салмақты көтеретін алып нысан тұрғындардың екі аралыққа қиындықсыз қатынауы үшін әдейілеп тұрғызылған.

Бақтықожа Ізмұхамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

-  Бізге көптеген ұсыныстар жасалынды. Сұрақтар қойылды. Міне, осының бәрін жинақтап, барғаннан кейін біз болашақта кейбір керекті заңдарға толықтырулар мен өзгерістер енгізетін боламыз.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу