Шымкенттегі «Құтты мекен» жобасы аясында салынып жатқан көпір құрылысының қаражат мәселесін шешу керек. Қалаға жұмыс сапарымен келген Мәжіліс депутаттары оған қолдау танытатындарын айтты. Себебі өткел әлеуметтік әрі экономикалық маңызға ие. Көлік кептелісін азайтады.
Көпір - Қонаев гүлзарының жалғасы ретінде жүзеге асып жатқан жоба. 7 кезеңнен тұрады. Қазір 3-ші кезең жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Дархан Мыңбай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Бұл көпірдің мәселесі қаржыландыру аяғына дейін шешілмей жатыр деуде. Бірақ мен ойлаймын, олардың уәдесі бойынша жыл аяғына дейін бітіреміз дейді. Судың көбеюінен тоқтап тұр деп бізге түсіндірді. Жергілікті билік өкілдері назар аударса, Үкіметке сұраныс жасаса, біз мына депутаттар тарапынан ондай ұсынысты қолдауға әзірміз.
Сондай-ақ, бірқатар депутат Батыс Қазақстанда болды. Халық қалаулылары студенттерді техникалық және жұмысшы мамандықтарға ден қоюға шақырды. Олар «Жас маман» және «Жас кәсіпкер» жобалары жастардың жұмысқа орналасу мәселесін шешетінін айтады. Қазір жоғарғы оқу орындармен бірге, өңірдегі колледждерде де жаңа технолгиялар енгізілді. Мәселен, инновациялық ВІМ орталығы. Оның көмегімен құрылыс нысандарын үш өлшеммен жобалауға болады.
Нысаналы ЫҒЫЛ