Түркістан облысында мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында жобалық кеңсе ашылды. Орталық 5 бағыт бойынша жұмыс жүргізеді.
Оның алғашқысы - адами сектор. Екіншісі - кәсіпкерлік және индустрия. Бұл сектор өңірге инвестиция тарту, экспорт көлемін ұлғайту, туризм мәселелерімен шұғылданады. Ал үшінші бағыт бойынша инфрақұрылым мәселелеріне талдау жүргізіледі. Қолға алынған құрылыстар, олардың жүруі немесе тоқтап қалуына себеп болған негіздерді жоюға байланысты нақты жұмыстар атқарылады. Төртінші бағыт – ауыл шаруашылығы. Соңғысы - адами капитал. Яғни, бұл сектор денсаулық, білім беру, мәдениетті қамтиды. Жобалық кеңесенің басты мақсаты - қағазбастылықты азайту, кәсіпкерлік саласындағы әкімшілік кедергілерді жою.
Әйгерім Жақсыбекқызы, жобалық кеңсенің бас менеджері:
- 100-ден астам жоба жинадық. Оны енді іріктей бастаймыз. Үш секторға. Бірінші сектор бойынша жобалық кеңесенің көлемінде шешілетін мәселелерді қараймыз.
Ғани ҚАЛМАХАН