Мұндай тапсырманы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев берген. Бүгін әр облыстан келген мамандар іKomek-тің жұмысымен танысты. 2018 жылдың басында іске қосылған жоба тиімділігі мен халыққа пайдасын дәлелдеп те үлгерген.
1 жылдың ішінде 1 миллионнан астам өтініш қабылдап, оның 80 пайызы бірден шешілген. Өзгесі жауапты органдардың қарауына жіберілді. Биыл жыл басынан бері 500 мыңнан астам өтініш қабылданған. Бұл іKomek-тің тиімділігі артқанын дәлелдейді. «Егер дәл осындай бағдарлама өңірлерде де жұмыс істесе, қарапайым халықтың көп мәселесі жеңіл шешіледі», - дейді мамандар.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ