Қостанайда «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы Елбасының рөлі» тақырыбында жиын өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы Елбасының рөлі» тақырыбында жиын өтті

29.04.2019

Басқосуға саяси партия өкілдері мен үкіметтік емес ұйымдар, азаматтық қоғам белсенділері  қатысты.

Тұңғыш Президент ең алдымен татулық пен тұрақтылықты сақтап, ел іргесін бекітті. Халықтың әл-ауқатын жақсартуға арналған кешенді бағдарламалардың қабылдануына бастамашы болды. Сыртқы саясатта да Қазақстанның әлем алпауыттары санасатын  беделді мемлекетке айналуына ықпал етті. «Сондықтан бүгінгідей саяси өзгерістер қарсаңында өткенімізге жан-жақты баға беріп, бағытымызды айқындап алудың маңызы зор», - дейді сарапшылар.

Абылайхан Кәкенов, облыстық Ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы:

- Негізі біздің басты мақсатымыз – осы бүкіл азаматтық қоғам өкілдерін біріктіріп, ел саясатындағы, Қостанай облысының саясатындағы әлеуметтік мәселелерін талқылауда осы азаматтық қоғам өкілдерінің басын қосып,  жұмыс жоспарын құрып, бастамаларды белгілеп, келешектегі саясатты айқындау. 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу