Еліміздің тәртіп сақшылары қылмыскерге қарсы қару кезенгенде жаңа ережеге сүйенуі тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің тәртіп сақшылары қылмыскерге қарсы қару кезенгенде жаңа ережеге сүйенуі тиіс

29.04.2019

Еліміздің тәртіп сақшылары қылмыскерге қарсы қару кезенгенде немесе күш қолданғанда жаңа ережеге сүйенуі тиіс. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің арнайы бұйрығы шыққан. Енді осы құпия тапсырманың айла-тәсілдерін полицейлер Қарағанды академиясының базасында үйреніп жатыр. Бұл жолы республиканың әр түкпірінен қылмыстық атқару жүйесінің 40-қа жуық маманы келді. Оларға кәсіби мамандар 6 күн бойы қоян-қолтық ұрыстың қыр-сыры және қару қолданудың жаңа тәртібін үйретеді.

Серғали Тоқтарбеков, Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы кафедра меңгерушісінің орынбасары:

- Жиынның мақсаты - ҚР Ішкі істер органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және жаңа заңнамаға, жаңа бұйрықтарға енгізілген өзгерістерді жеткізу. Қызмет атқару барысында өзінің жеке табельдік қаруын, не болмаса қарсыласының алдында өзін психологиялық тұрғыда дұрыс ұстау.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу