Түркістан облысында суды үнемді пайдалу мәселелері бойынша жиын өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында суды үнемді пайдалу мәселелері бойынша жиын өтті

26.04.2019

Түркістан облысында бүгінгі таңда 65 мың гектар жер тамшылатып суарылады. Бұл - жыл сайын егін салынатын аумақтың 20 пайызға жуығы. Бүгінгі таңда еліміздегі егістікке қажетті судың 48 пайызы өзге мемлекеттен ағып келеді. Яғни, көршілерге тәуелдік бар. Осыған орай Парламент Мәжілісі аграрлық мәселелер бойынша комитет мүшелері Түркістан облысында суды үнемді пайдалу мәселелері бойынша көшпелі мәжіліс өткізді.

Олар өңірдегі суарудың тиімді тәсілдерін пайдаланып отырған бірнеше шаруашылықтың тәжірбиесін көрді. Бүгінгі таңда мұндай шаруашылықтарға Үкімет барынша қолдау көрсетіп келеді. Тамшылатып суару әдісін енгізіген қожалықтар суға кеткен шығынның 75 пайызына субсидия қаржы алып отыр. Екі күнге созылған сапар барысында халық қалаулылары Бөген және Көксарай су қоймаларының қазіргі жай-күйін көрді. Аграрлық саладағы өзге де түйткілді мәселелерге қанықты.

Байділлә Жылқышиев, Парламент Мәжілісінің депутаты

- Тағы бір мемлекеттік бағдарлама бұрынғы агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша заңдарға өзгеріс енгізіліп, қаралып жатыр. Ол жерде де көп өзгерістер болады. Тыңайтқыш бар, субсидия бар, жалпы көмектің бәрі сол жерде қаралады.

Ғани ҚАЛМАХАН

Хабарламаларға жазылу