Оралда жаңадан құрастырылған «Нұр-Сұлтан» кемесі суға жіберілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда жаңадан құрастырылған «Нұр-Сұлтан» кемесі суға жіберілді

25.04.2019

Күзет кораблі шекаралық қызмет тапсырысымен жасалған. Бұл - «Зенит» зауытында шыққан 30-шы кеме.

Ардақ Мұратқызы, тілші:

- Бүгін Оралда «Нұр-Сұлтан» кемесі суға түсірілді. Бұл - «Зенит» зауытының мерейлі 30-шы өнімі. Корабль жаңа қару-жарақтармен жабдықталған. Бұл оның қорғаныс қабілетін күшейтеді. Су көлігін құрастыруға зауыт жұмысшылары екі жыл уақыт жұмсаған.

Күзет кемесін айдынға жіберу салтанаты - қалалықтар үшін нағыз мереке. Корабльдің су сыйымдылығы – 240 тонна. Ұзындығы - 42, ені – 8 метрге жуық. Бұл - «Барыс» үлгісімен жасалған 6-шы өнім. Жауынгерлік кеме мемлекеттің шекарасын күзетеді. Қарақшылықпен күресіп, теңіздегі қауіп-қатерден қорғайды.

Сабыр Хасанов, Шекара қызметі басқармасының бастығы:

- Ол тек қана теңіздің үстін ғана емес, су астын да бақылауда ұстайды.

Кемеге соңғы үлгідегі зеңбірек, Оралдың «Металлист» зауытынан шықан пулемет орнатылған. Суды тұшытатын қондырғы да жергілікті кәсіпорыннан. Өзге де тың құрал-жабдықтар бар.

Бір аптадан соң «Нұр-Сұлтан» Жайық өзені арқылы Каспий теңізіне жол тартады. Сынақтан өткеннен кейін әскери қызметке пайдаланылады.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу