Түркістанда жыл соңына 1,5 мыңнан астам отбасы баспаналы болады

24.04.2019

Түркістанда 1 560 отбасы жыл соңына дейін үйлі болып, қоныс тойын жасамақ. Олардың 1 200-і мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша баспаналы болса, 360-ы «7-20-25» жобасы аясында пәтерге ие болмақ.

Екі бағдарлама бойынша тұрғызылып жатқан үйлер облыс орталығындағы «Отырар» мөлтек ауданында орналасқан. Үйлердің құрылысы былтыр басталған. Бүгінде негізгі жұмыстары аяқталды.

Тұрғын үй құрылысымен 7 мердігер компания айналысып жатыр. Жұмысты мерзімінде бітіру үшін құрылысшылар екі ауысыммен жұмыс істеуде. Кей баспаналарға су, жарық, жол сынды инфрақұрылым жүйелері жүргізіліп қойған. Қалалық құрылыс бөлімінің ұйғарымынша, алдымен жалға берілетін баспаналар пайдалануға беріледі. Одан кейін «7-20-25» бағдарламасы бойынша салынып жатқан үйлер тапсырылады.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу