Nur Otan партиясының СҚО-дағы филиалы «Халыққа көмек» жобасы аясында қоғамдық қабылдау өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Nur Otan партиясының СҚО-дағы филиалы «Халыққа көмек» жобасы аясында қоғамдық қабылдау өткізді

24.04.2019

Апта сайын ұйымдастырылатын кездесуге ұдайы 10 шақты өтініш түсіп тұрады, соған сәйкес құзырлы мекеме өкілдері келіп, тұрғындардың сұрақтарына жауап береді. Осы жолы көпбалалы отбасыларға көрсетілетін қолдау, баспана кезегіне тұру секілді сауалдарға жауап берді.

Рүстем Әлібеков, Nur Otan партиясы облыстық қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі:

- «Халыққа көмек» жобасы аясындағы қабылдаулар әр бейсенбі күні барлық филиалдарда өткізіледі. Тұрғындардың өтініші аяқасты қалмас үшін, мекемелерді жағалап жүрмеуі мақсатында бір жерге жинап, сауалдарын қойып, кеңес, көмек алуларына жағдай жасалады.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу