Алматы облысында 400-ге жуық азамат мемлекетке ақша қарыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында 400-ге жуық азамат мемлекетке ақша қарыз

24.04.2019

Олардың тең жартысының берешегі - 4 млрд теңгеден асып кеткен. Басым бөлігі айыппұл төлемесе, біразы алименттерін бермей, жалтарылып жүр. Құзырлы органдар бірлесіп, облыстық жолдарға арнайы рейдтер ұйымдастыруға мәжбүр. Арнайы жылжымалы қондырғы борышкерді көлігінің мемлекеттік нөмірі арқылы анықтайды. Жол полицейлері көлікті тоқтатады. Мамандар мәліметтер базасынан қарызын тауып берсе, сот орындаушылары өндіруге кіріседі.

Тіпті берешегі көп болса, көлігін айып тұрағына қойып, өзін қамауға алуға да құқылы. Мұндай рейдтер төрт жақты меморандумға қол қоюдың арқасында жүзеге асып жатыр.

Руслан Исаев, Алматы облыстық сот орындаушылары палатасы төрағасының орынбасары: 

- 2 млрд 150 млн теңге мемлекеттік бюджетке қайтарылды. Осы рейдтің арқасында қазіргі күні бірінші кварталдың өзінде 105 адамды әкімшілік жауапқа тартып, қамауға отырғыздық.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу