Елордада «Мемлекеттік тіл - келісім мен бірліктің негізі» атты жиын өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Мемлекеттік тіл - келісім мен бірліктің негізі» атты жиын өтті

22.04.2019

Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақ тіліне үйретудің жаңа тетіктері қарастырылып жатыр. Сонымен қатар, мемлекеттік тілді меңгергісі келетіндерге қолайлы орта құру мақсатында бірқатар ірі жобар қолға алынуда. Бүгін елордада Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен «Мемлекеттік тіл - келісім мен бірліктің негізі» атты жиын өтті.

Онда тілді оқыту мен дамытуға, сондай-ақ, латын жазуына көшуге бағытталған жобалар таныстырылды. «Мәміле», «Шаңырақ», «Шұғыла кітап», «Үш тілдің патшалығы» атты бастамалардың бағыты айқындалып, мақсат-міндеттері түсіндірілді.

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу