Елордада бүгін жаңбырдың соңы қарға ұласып, қатты жел тұрды. Табиғаттың мұндай тосын мінезі тұрғындарды әбігерге түсірді. Жуырда ғана жаздық дөңгелекке ауысқан көліктер, бүгінгі көктайғақта тайғанап, бірнеше жол көлік оқиғасы орын алды. Тіпті, екі көлік соқтығысып, аялдаманы қиратты.
Екіншісінің алдыңғы жағынан сау тамдығы қалмады. Абырой болғанда оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Ал, синоптиктердің болжамынша мұндай ауа райы алдағы демалыс күндері де сақталады. Солтүстік өңірлерде қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін, ауа температурасы минус 10°С жетеді деп күтілуде.
Ақмарал ТӨЛЕУБЕК