Қазақ-қырғыз шекарасында ұсталған жылқыларды жоқ-жітікке таратып беру керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ-қырғыз шекарасында ұсталған жылқыларды жоқ-жітікке таратып беру керек

19.04.2019

Қазақ-қырғыз шекарасында ұсталған жылқыларды жоқ-жітікке таратып беру керек.   Былтыр барымташылар айдап өтпек болған бес жүздей жылқыны қолға түсірген шекарашылар осындай ұсыныс айтады.

Ал ветеринарлар болса, санитарлық қауіпсіздікті алға тартып, иесіз малды  өлтіріп, өртеп жатыр.  Адал малды аяусыз қырып-жойғанша , мұқтаждарға сойып беруді ұсынған  шекарашылармен өңірдегі тілшіміз Сәбит Әлдебай сұхбаттасты.

Өзге мемлекеттен мал айдап әкелуге тыйым салынғанына қарамастан  былтыр 439  жылқы шекара шебінде  қолға түскен. Осылайша, оңай олжаға кенелгісі келетіндердің жолы талай кесілді. Бірақ, айламен  шекара асатындар азаяр  емес. Оның басты себебі көрші елде мал арзан.

Сәбит Әлдебай, тілші:

Қаратаудың қапталы мен Алатаудың аңғары  арасында шектескен аймақта он өткізу бекеті бар. Ал, далалық аймақтарды осындай отыздан астам шекараса заставасы орналасқан. Алайда,  айлалы барымташылар шегенделген шекарадан заңсыз мал айдап өтуін тоқтатар емес. Биылғы жылдың өзінде бірнеше барымташылар мен жүзге жуық жылқы шекарашылардың қолына түсті. 

Былтыр елімізде Қырғызстаннан мал әкелуге заңмен тыйым салынды. Оған Ош облысында жылқылардан  сібір жарасы тіркелуі түрткі болды.  Мамандар аумақтық ветеринарлық  қауіпсіздікті сақтау мақсатында былтыр бес жүздей, биыл жүзден астам жылқының көзі жойылды.

Құлмұханбет Исақов, Мемлкеттік кірістер департаментінің басшысы:

Мал етін экспорттау бойынша біздің Қазақстан аумағы тазалығын сақтауымыз керек. Егер бұл талаптар бұзылған жағдайда біз қазіргі таңда ашылып жатқан Қытайға, Иранға басқа да Еуропа елдеріне мал еті экспорты жүріп  жатыр. Сол  мүмкіндіктен  айырылып қалуымыз мүмкін.

Қамалған жылқылар жақын маңдағы шаруа қожалықтарына уақытша ұстауға жіберіледі. Алайда,  шаруаларға ол үшін қаражат қарастылмаған. Бөтен малды бағуға  шаруалардың да  құлқы жоқ. Ал, иесіз жылқылардан сынама алып,  тексеру процесі ұзаққа созылады. Сондықтан, шекарашылар жергілікті билікке жылқылардың ауру-сауы анықталғанға дейін уақытша ұстауға қаржы қарастыруды сұрайды. Ал, қауіпті ауру анықталмаған жылқыларды кем-кетікке таратып беруді ұсынады.

Арслан Әлітүрлеев, 2035 Ә/Б анықтау бөлімі басшысының орынбасары:

Аталған малдарды балалар үйіне, қарттар мен мүгедектер үйінің пайдасына беруді қарастыру.

Елімізде 2015 жылдан бері үй жануарларын таңбалау міндеттелген. Сырға салынып, арнайы чип енгізілмеген ірі қара мал шекарада ұсталған жағдайда иесі малын даулап келуі екіталай. Ал, мұндай иесіз малдарды көпбалы отбасыларына сойып беру ұсынысын мемлекеттік шекара коммиссиясы жан-жақты зерделеу үстінде. 

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу