Ақмолалық кәсіпкерлер отбасыларды баспанамен қамтамасыз етуге қолдау көрсетпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмолалық кәсіпкерлер отбасыларды баспанамен қамтамасыз етуге қолдау көрсетпек

19.04.2019

Ақмолалық кәсіпкерлер көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды баспанамен қамтамасыз етуге қолдау көрсетпек. Ол үшін облыстық әкімдік пен бизнесмендер арасында арнайы меморандум жасалды. Құжатқа қол қойғандардың басым көпшілігі ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлер.

Тұрғындарға үй беруді осыған дейін де қолға алғандар баршылық. Облыс бойынша 11 кәсіпкер халықтың үй жағдайын жақсартуға көмек берген. Ал меморандумға 10 шақты кәсіпкер қол қойды. Тағы да 40-тан астамы игілікті іске қатысуға ниет білдіріп отыр.      

Мадияр Жапаров, кәсіпкер:

Көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтуға көмектескіміз келеді. Біз қазір үйді сатып алдық. Бұл халық алдындағы, мемлекет алдындағы жауапкершілігіміз деп түсінемін. Кәсіпкерлер әлеуметтік көмек көрсетуге әрдайым әзір. Ауыл шаруашылығында мамандар жетіспейді. Сондықтан, ауылға келіп жұмыс істеймін дейтіндер болса, баспанамен қамтамасыз етуге дайынбыз. Барлық кәсіпкерлерді осы істен шет қалмауға шақырамын.  

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу