Алматыда «Бақытты отбасы» жобасы аясында 1086 көпбалалы отбасыға қаржылай көмек көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Бақытты отбасы» жобасы аясында 1086 көпбалалы отбасыға қаржылай көмек көрсетілді

18.04.2019

Оған 46 млн теңге жұмсалған. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының кезектен тыс конференциясында айтылды. Қала әкімі Бауыржан Байбектің сөзінше, биыл жергілікті бюджеттің 50 пайызы әлеуметтік саладағы мәселелерді шешуге бөлінген. Ал, көпбалалы аналарға арналған қайырымдылық қоры ашылған. Осы уақытқа дейін қорға 131 миллион теңге жиналған. Бұл қаражат алдағы уақытта да белгіленген тәртіпке сай, тұрмысы төмен отбасыларға үлестіріледі. Сонымен қатар, мамыр айында 200 көпбалалы отбасына жеңілдетілген несие бойынша пәтер беріледі. Бұдан бөлек, алқалы жиында партияның 23-сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласында өтетін кезектен тыс съезіне қатысатын делегаттар да анықталды.

Рахман Алшанов, экономика ғылымдарының докторы:

- Съезде маңызды сұрақтар қаралады. Бастысы - президенттікке кандидатты ұсыну. 

Ақтөбеде «Халыққа көмек» жобасы сәтті жүзеге асып жатыр. Партияның облыстық филиалына аз уақыт ішінде 100-ден аса адам көмек сұрай келген.

Өтініштердің көбі жұмысқа орналасу, құжаттарды рәсімдеуге қатысты. Әр бейсенбі сайын тұрғындарды жергілікті басқарма басшылары қабылдайды. «Халыққа көмек» жобасы Елбасы тапсырмасы бойынша жүзеге асқанын айта кету керек.

Миллиондаған мүшесі бар «Nur Otan» елдегі ең басты саяси күшіне айналғалы қашан. Партия күш-жігерін ел халқының тұрақты тұрмыс құрып, жырғаулы өмір сүруіне арнамақ.

Ғабит Бөкенбай

Хабарламаларға жазылу