Агросала тың жобалармен алға басады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Агросала тың жобалармен алға басады

18.04.2019

Қазақстанда «ақылды» ауылдар пайда болуы мүмкін. Агросалада өнімділікті арттырып, жұмысты жүйелендіруде ақпараттық коммуникациялар технологиясының маңызы зор. Оңтүстік Корея сондай мүмкіндікті жасап беруге әзір. Бұл - екі ел арасындағы Экономикалық саясат институттары әріптестігінің нәтижесі. «Ал, жобаның нақты тұжырымдамасы туралы қос мемлекет Президенттері кездесуінде кеңірек айтылады»,-дейді делегация өкілдері. Бірақ бірқатар салалар бойынша уағдаластық барын жеткізді.

Ли Чже Ен, Корея халықаралық экономикалық саясат институтының президенті:

- Арадағы былтыр тауар айналымы 2 млрд доллардан асыпты. Мұның өзі тығыз қарым-қатынасымызды білдіреді. Және сіздегі төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында даму бағдарламасы біраз бағытқа жол ашты. Мысалы, медицина саласы, электронды үкімет тұрғысынан тәжірибемізбен бөлісе аламыз.

 

Хабарламаларға жазылу