Жаңбырмен араласып жауған қар облыстың басым бөлігін ақ мамыққа орады. Күн райының қолайсыздығынан Өскемен және Семей қаласындағы оқушылар мектепке барған жоқ.
Қар аралас жаңбыр жауатынын және қатты жел болатынын синоптиктер осыдан 3 күн бұрын болжап, дабылды ескерту жариялаған. Олардың айтуынша, аймақта алдағы бірнеше күн бойы осындай жағдай сақталады.
Аяулы Мусина, «Қазгидромет» РМК өңірлік филиалының бөлім басшысы:
- 2-3 күн осындай ауа райы сақталады. Бүгін түнде таулы аймақтарда қар, қар аралас жаңбыр жауады және тұман болады.
Берік КӨШЕРБАЙ