Қызылорда облысында кененің табиғи ошағы көбейген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында кененің табиғи ошағы көбейген

17.04.2019

Қызылордада 123 елді мекен конго-қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағы  деп  белгіленді.  Қазір сол ауыл-аймақтарда кенеге қарсы өңдеу және санитарлық қорғаныс белдеуін құру шаралары жүріп жатыр.   Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 214 миллион теңге қаржы бөлінді. Әсіресе, Жаңақорған, Шиелі аудандары мен Қызылорда қаласы ерекше назарда.  Облыс бойынша барлығы 32 мың қора-қопсыны залалсыздандыру жоспарланып отыр.   

Ғабит Жаңабаев, облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары:

Былтыр 127 елді мекен қолайсыз елді мекен болып табылып, бірақ қосымша 37 елді мекен осындай көктемнің кезінде кененің көбеюіне байланысты және адамдарды шағуына байланысты 164 елді мекенге дейін өсті.

Биыл да басы 123 елді мекенмен басталып тұр, ал бірақ қосымша елді мекендер анықталатын болса, бізде қаражат толық жеткілікті, әрі қарай залалсыздандыру жұмыстары толығымен қай елдімекенге қажет, соның бәрі жасалатын болады.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу