Маңғыстау облысында 500-ге жуық жас ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтін болады. Ол үшін 2 мың жас маман шаруа қожалықтарына барып, тәжірибе жинақтайды. Сондай-ақ, агро-өндірістік кешендерде өз ісін бастаймын деген белсенді жастарға да қолдау көрсетіледі.
Бұл бастамаларды «Nur Otan» партиясы «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында жүзеге асырады. Партияның облыстық филиалының кезектен тыс ХХХ конференциясында съезге баратын 200 делегат сайланды.
Есберген Іңірбайұлы, «Nur Otan» партиясы МОФ жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесінің төрағасы:
Сайлау науқаны – бұл саяси науқан. Шынында да біздердің жауапкершілігімізді, азаматтық парызымызды сезіне отырып, өткізетін науқан. Сондықтан, алдағы съезге біздің партиямыз осындай дайындықпен барады. Съезд ұсынған кандидатты қолдайтын боламыз.