«Nur Otan» партиясының 19-шы съезіне өңірлерден қатысатын делегаттардың саны бекітілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Nur Otan» партиясының 19-шы съезіне өңірлерден қатысатын делегаттардың саны бекітілді

17.04.2019

23 сәуірде Елордада өтетін «Nur Otan» партиясының кезектен тыс 19-шы съезіне өңірлерден қатысатын делегаттардың саны бекітілді. Олар партия шараларына қатысушылар тарапынан толықтай қолдау тапты. Жиын барысында еліміздегі «Бақытты отбасы», «Халыққа көмек», «Ауыл-ел бесігі», «Құтты мекен» ұлттық жобаларын жүзеге асырудың тиімді жолдары талқыланды.

Аталған бағдарламалар жергілікті жұртшылықтың игілігіне айналуы тиіс. Соған ұйытқы болу саяси партияның міндеті. Павлодарда кезектен тыс 28 конференцияға қатысушылар ұлттық жобаларды жүйелі жүзеге асыру жолдарын талқылады. Сондай-ақ, съезге баратын делегаттар сайланды. Олардың саны – 35.

Берікбол Хамза, «Nur Otan» партиясы Май аудандық бөлімшесі «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы:

Біз жастармен кездесіп, талқыладық. Бұл еліміз үшін үлкен қадам, деп білеміз. Осы қадам әлеуметтік саланың және басқа салалардың да дамуына үлкен үлес қосады.

Қазіргі таңда теріскейде партияның қоғамдық қабылдауын жетілдіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.  Кез келген өтініш аяқасты қалмай қаралады. Осылайша халықпен кері байланыс жанданып келеді. 

Евгений Глотов, «Nur Otan» партиясы СҚОФ төрағасының бірінші орынбасары:

«Бақытты отбасы»  жобасы аясында әлеуметтік қорғау органдарымен бірлесе жұмыс істеу міндеті қойылған еді. Осының арқасында қазір атаулы әлеуметтік көмектің көлемі ұлғайуына байланысты қазір келушілердің де қатары қалыңдады. Осыған орай партия мүшелері жұмыспен қамту орталықтары мен тұрғын үйді бөлу комиссияларының жұмысына белсене араласады. Сондай-ақ, әлеуметтік нысандарды жөндеу жұмыстарына партиялық бақылау жүргізіліп жатыр.

Шымкент қаласында тұратын әлеуметтік жағдайы қиын 342 отбасы мен көпбалалы аналар  биыл жыл соңына дейін баспаналы болады.  «Нұр Отан» партиясы қолға алған «Құтты мекен» жобасы аясында бүгінде шаһарда 132  көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы  жүріп жатыр. Оның 540 пәтері алдағы мамыр айында баспана кезегін күткен отбасыларға беріледі. Бүгін партия филиалының кезектен тыс конференциясында осы мәселелер көтерілді.

Бахадыр Нарымбетов, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Халықтың біздің партияға деген сенімін әлеуметтік терезе арқылы да білуге болады. Бір ай көлемінде 1800-ден астам азаматты қабылдады. Осы бастаманы әкімдікке ұсыныс  ретінде беріп, қазір Шымкент қаласының 4 ауданында 4 көп балалы анаға қызмет көрсету орталықтары ашылды. Біздің негізгі мақсат әлде де қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту бойынша жұмыс жасайтын боламыз.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек бойынша 17 мыңнан астам азаматтың өтініші тіркеуге алынған. Тағы 32 мың адамға бірыңғай әлеуметтік терезе арқылы құзырлы мекмелердің мамандары  ақыл-кеңес берді.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу