Оның 28-і сот қаулысымен ел аумағынан шығарылды. Сондай-ақ, осы шетелдіктерді заңсыз жұмысқа тартқан 56 қазақстандыққа әкімшілік шара қолданылды. Көші-қон қызметкерлерінің айтуынша, қазір құрылысқа өзбектер арзан жұмысшы күші ретінде кеңінен пайдаланылады. Сондай-ақ, базарларда сауда-саттықпен айналысу үшін келетіндер де көп. Әсіресе, көктем-жаз мезгілдерінде мигрант мәселесі ушыға түседі. Сондықтан полицейлер қазір күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Осыдан екі ай бұрын облыс орталығында көші-қон қызметтері орталығы ашылған болатын. Бұл да аймаққа келетін мигранттардың құжаттарын оңтайлы заңдастыруда өте тиімді болып тұр.
Аруын Жолдасбаев, облыстық Көші-қон қызметі басқармасының бастығы:
- Былтырғымен салыстырғанда биылғы көрсеткішіміз төмен. Себебі осы орталықтың ашылуына байланысты және өзіміз күнделікті профилактикалық іс-шара жүргіземіз. Соның арқасында биыл заңсыз жүрген шетелдіктер азайып отыр.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ