Елордадағы LRT-ның құрылысы уақытша тоқтатылды

16.04.2019

Еліміздің бас қаласында салынып жатқан жеңіл рельсті көлік жүйесінің құрылысы қаржы тапшылығына байланысты тоқтатылды. Бүгін Үкімет сағатында тікелей желі арқылы қосылған Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов осылай деді.

Қазіргі таңда қала әкімдігі Ұлттық банкпен бірлесіп, қалыптасқан жағдайдан шығудың жолдарын іздестіріп жатқанға ұқсайды. Өткен жылы елордада құрылыс жұмысы 43 пайызға, тұрғын үй салу 35 пайызға азайған.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу