Жертөле, шатыр және холл пәтер иелерінің рұқсатынсыз сатылмайды, жалға берілмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жертөле, шатыр және холл пәтер иелерінің рұқсатынсыз сатылмайды, жалға берілмейді

15.04.2019

Жертөле, шатыр және холл пәтер иелерінің рұқсатынсыз сатылмайды да, жалға да берілмейді. Енді баспаналарына тұрғындардың өздері толықтай бас-көз болады. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы туралы заң жобасы 100% кондоминиум құруға басымдық беріп отыр.

Әйтпесе, көп қабатты үйді күтіп-ұстауда кемшілік көп және жиналған қаржыда ашықтық жоқ. Ал жеке пәтер иелері кооперативтері екі күннің бірінде сынға ұшырауда. Енді мүлік иелерінің келісімінсіз әрекет етілмейді. Яғни, қызмет көрсетуші ұйымдар мен тұрғындар қарым-қатынасы толықтай реттелмек. Сол үшін де заң жобасына 550-ден астам түзетулер енгізіліпті.

Төлеген Құлұшев, қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы:

КСК болды ғой, енді үйдің тұрғындары өздері бір шот ашып үйдің қандай мәселелері бар, қандай қиындықтары бар өздері шешеді. Алдында лифтте бақылау болған жоқ. Өзгерістер енгізіп жатыр. Енді лифт компаниялары аттестациядан өтеді. Негізі лицензия болмаған. 

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу