Әлеуметтік қамқорлық. Жұмыс тобы Шымкенттегі жұмыс сапарын қорытындылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуметтік қамқорлық. Жұмыс тобы Шымкенттегі жұмыс сапарын қорытындылады

11.04.2019

Елбасының Әлеуметтік қамқорлық шараларын халыққа түсіндіру жөніндегі жұмыс тобы Шымкент қаласына жұмыс сапарын қорытындылады. Республикалық маңызға ие шаһардың әлеуметтік бағдарламаларға қатысудағы қарқыны белсенді. Толығырақ, осы өңірде жүрген тілшіміз Ербол Мәндібек баянайды.

Ербол Мәндібек, тілші:

Елбасының Әлеуметтік қамқорлық шараларында жастарды әртүрлі бағытта қолдау бойынша нақты тапсырмалары берілгені белгілі.

Күләш Шәмшидинова, ҚР Білім және ғылым министрі:

Бұл жерде айта кететін екінші мәселе - жастардың арасында да әр түрлі әлеуметтік топтар бар. Міне, осы әлеуметтік топтарды қолдау үшін, жетім балаларға, мүмкіндігі шектеулі балаларға, ауыл жастарына, шетелдегі қазақ диаспорасына квоталар берілген.

Шымкент қаласындағы өндіріс ошақтарында еңбек етушілердің басым бөлігі жастар. Мәселен, оңтүстік арнайы экономикалық аймағында биыл жалпы инвестициялық сомасы 30 млрд теңгеге жуықтайтын 13 жоба жүзеге асырылған.

Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

Елбасы айтқан бағыттарда жұмыс басталып кетті. Жастарға қатысты, жұмыспен қамту, бизнеске тарту, спорт, саламатты өмір салтын ұстану сияқты мәселелерді тыңдадық.

Үкімет өкілдері бүгін кешке дейін Шымкенттегі халыққа қызмет көрсететін мекемелерді аралап, ондағы әлеуметтік бағдарламалардың орындалу барысымен танысады. Сонымен қатар, көпбалалы отбасыларда аралап, азаматтарға жекелеген мәселесі бойынша  қабылдау өткізбек.

Ербол МӘНДІБЕК

Хабарламаларға жазылу