Аймақтарда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі күн өткен сайын жандануда. Өңірлердегі ірі кәсіпорындар көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау шараларын кең көлемде жүзеге асыра бастады. Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық шараларын» түсіндіру жөніндегі жұмыс тобы аймақтарды аралау барысында кәсіпорын жетекшілерімен кездесулер өткізіп, осы бағыттағы атқарылып жатқан шаруалармен танысуда.
Мәселен, Түркістан облысындағы «Кентау трансформатор зауыты» әлеуметтік жобаларға жыл сайын 150 миллион теңге бөліп отыр. Зауыттағы тұрмыс жағдайы төмен 170-тен астам отбасыға қаржылай әрі азық-түлік ретінде көмек көрсетілуде. Кәсіпорынның мұндай игі бастамасын аймақтағы басқа өндіріс ошақтары да үлгі етуде
Хайролла Қожабаев, «Кентау трансформатор зауыты» АҚ басқарма төрағасы:
Бүгінгі таңда зауытта 1200 адам жұмыс істейді.
Ербол МӘНДІБЕК