Су тасқыны қаупі толық бақылауда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су тасқыны қаупі толық бақылауда

10.04.2019

Елде әлі су тасқынынан қауіп бар. Әсіресе, екі өңірде - Ақмола мен Шығыс Қазақстан облыстарында мәселе өзекті. Бүгінгі күні Астрахан ауданының Старый Колутон ауылының 20 ауласын су басты. Ал, Целиноград ауданының Қаражар ауылындағы 15 үйге қауіп төніп тұр.

Қазір тұрғын үйлерді қорғау үшін ұзындығы 1500 метр, биіктігі 1,5 метр үйінді салынды. Ал, Шығыста Бесқарағай ауданында 84 тұрғын үйді қызыл су шаюы мүмкін. Оқиға орнында жедел штаб құрылған. Эвакуациялау пункті дайындалды. Ертіс өзенінде жарылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Владимир Беккер, ҚР ІІМ ТЖ комитетінің төрағасы:

- Синоптиктер сәуірдің 10-ы мен 12-і аралығында Орталық және Солтүстік өңірлер мен Жамбыл, Ақмола облыстарында күн райы жауын-шашынды болады деп болжап отыр. Бірақ бұл жағдайды ушықтырмайды деп сенеміз.

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу