АЭС-на қатысты нақты шешім жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АЭС-на қатысты нақты шешім жоқ

09.04.2019

Қазақ жерінде атом электр станциясын салуға қатысты нақты шешім әлі қабылданған жоқ. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін журналистердің сауалына жауап берген Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты. Мәліметке сәйкес, қазір, мәселе терең талданып, жан-жақты зерделеніп жатыр. Әлбетте, халықтың келісімінсіз артық қадам жасалмақ емес.

Егер Үкімет атом электр стансасын салу турашы шешімді құптайтын болса, оны ашық жариялайды және ел-жұртпен қоғамдық тыңдаулар өткізеді. Министрдің атуынша, жалпы Қазақстанда станса салу жұмыстары 7-8 жыл бұрын басталған.

Қазір техникалық-экономикалық негіздемемесі әзір тұр. Соған сәйкес, 5 елдің бейінді компаниясына яғни, АҚШ, Франция, Корея, Қытай және Ресей елдеріне ұсыныстарын сұрап, хат жолданған. Алғаш болып Ресей үн қатыпты. 

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

Оны әрі қарай талдау үшін керек болып жатқан нәрсе. Оның негізінде Ресейден ұсыныстар түсті біз саламыз деген. Бірақ, әлі әлі шешім қабылданбаған. Әлі әзірлік жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондықтан, тағы 1-3 жыл керек сияқты болып отыр.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу