75 жылға – 75 іс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

75 жылға – 75 іс

09.04.2019

Алматыдағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің 75 жылдығына орай, 75 іс-шара өткізу науқаны басталды.

Құрылым ұжымы алдымен көшеттер отырғызды. Білім ордасының қыздары бұған дейін мегаполистегі Медеу шатқалына 1000-нан астам ағаш еккен. Енді осы оқу орнынан түлеп ұшқан белгілі қоғам қайраткерлері игі бастаманың жандануына үлес қосты. Жалпы, білім ордасында 7000 студент  тәлім алып жатыр. Сондықтан, ең әуелі бойжеткендердің тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінеді. Себебі, олардың ұлт алдындағы ең алғашқы міндеті - саналы ұрпақ өсіру. Осылайша, болашақ мамандарға табиғатты аялау, отбасын сақтаудың дәстүрлі жолдары оқытылады.  

Гаухар Алдамбергенова, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры:

Біз білім мен қатар тәрбие де береміз. Оқу барысында осындай көпті толғандыратын мәселелердің шешім табуына да үлес қосуымыз керек. Оның бірі әрине, экологиялық проблема. Әсіресе, Алматы қаласының ауа тазалығы. Бұл бірінші орында тұрған проблема. Көп ағаш егілсе, ауа да таза болады. 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу