Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында тоқыма цехы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында тоқыма цехы ашылды

08.04.2019

Осылайша тұрғындар жергілікті киім-кешек сатып алуға көшкен. Шағын кәсіп иесі Алтын Имамбаева осындай заманауи шеберхана ашуды көптен армандаған. Ол ойы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында жүзеге асқан. Мемлекеттен 5 миллион теңге несие алған ісмер аз ғана уақытта цех жұмысын ұршықша үйіріп әкетті. Мұнда компьютерлік бағдарламамен басқарылатын соңғы үлгідегі жапондық тоқыма машиналары жұмыс істеп тұр. Ал, жіпті әзірге Ресейден алады. Келешекте кәсіпкер шұлық тоқитын қондырғы әкелмек ниетте. Тоқыма цехының өніміне аудан халқының сұранысы зор.

Алтын Имамбаева, жеке кәсіпкер:

- Жас кезімнен келе жатқан арманым. Өзім 4-ші сыныптан тоқымамен айналысамын. Алдағы уақытта шұлық тоқитын қондырғы алғым келеді.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу