Алматыда «Ғылым, өндіріс, бизнес: «Байсерке-Агро» холдингі үлгісіндегі аграрлық сектордың қазіргі жағдайы мен инновациялық даму жолдары» атты алқалы жиын өтті. Шара Елбасы әркез үлгі ететін осы саланың дамуына сүбелі үлес қосқан Темірхан Мұнайдарұлының 70 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.
Ғалымдардың сөзінше, Алматы облысының Талғар ауданында орналасқан «Байсерке-Агро» серіктестігінің мол тәжірибесі әр аймақтағы аграрлар үшін аса маңызды. Себебі аталған кешен ұжымы озық инновациялық технологияларды елге әкеліп, ісін ілгерілетіп келеді. Сонымен қатар, олар мал мен егін шаруашылығында толымды табысқа қол жеткізген.
Нұрлан Темірбеков, ҚР Ұлттық инженерия академиясының вице-президенті:
- Бұл конференция осы «Байсерке-Агро» холдингінің басшысы Темірхан Мұнайдарұлының 70 жылдығына арналып отыр.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ