Кәсіпкерлер мен мемлекеттік орган қызметкерлері арасында жемқорлық өршіп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкерлер мен мемлекеттік орган қызметкерлері арасында жемқорлық өршіп тұр

04.04.2019

Маңғыстауда кәсіпкерлер мен мемлекеттік орган қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық өршіп тұр. Бұл - Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен жеке компания жүргізген сауалнаманың қорытындысы. Оған қоса, былтыр кәсіпкерлер арасында пара беру өткен жылмен салыстырғанда 52 пайызға өскен. Алайда, бұл мәліметпен өңір кәсіпкерлері келіспейді. Айтуларынша, жемқорлық керісінше азайды.

«Құжатың сай болса, еш кедергі жоқ»,-дейді, олар. Прокуратура органдарының есебі бойынша, өңірде жемқорлық дерегі 10 пайызға, ал Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің есебінше, 13 пайызға азайған.

Нұрбек Қарасаев, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Маңғыстау облысы бойынша филиалы басшысы:

- Біз мұнымен келіспейміз. Оның әлеуметтік әсері бар. Сондықтан бұл ақпаратты халыққа, кәсіпкерлерге толық жеткізуге міндеттіміз.

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу