Жүйкені жұқартқан ЖСН - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жүйкені жұқартқан ЖСН

03.04.2019

«Жеке сәйкестендіру нөмірлерінде кеткен қателердің кесірінен қазақстандықтар жылдар бойы өздерінің жастарын, жыныстарын дәлелдей алмай жүр». Осылай деген  Мәжіліс депутаттары Әділет министрлігінен тиісті шараларды қабылдауды сұрап, сауал жолдады. 

Депутат Шәкір Хахазов қателердің кесірінен зейнетақы, мүгедектік бойынша жәрдемақы мен алимент алуда кедергілер туындайтынын атап өтті. Адамдар төлей алмайтын айыппұлдары үшін шетелге шыға алмайды. Несие рәсімдеу немесе пәтер сату кезінде проблемаға айналуда.

Мәселен, елорда тұрғыны Майра Мырзағали жеке сәйкестендіру нөмірлерінде кеткен қатенің салдарынан барлық жерде еркек ретінде көрсетіледі, өзінің жынысын дәлелдей алмай әуре сарсаңға түскен.

Шәкір Хахазов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Қарағандылық Наталья Шубичук 2018 жылы жоғалған жеке куәлігін ауыстырған,  жеке сәйкестендіру нөмірінде қате кеткендіктен, өзінің жасы 143 емес, 43 жаста екенін дәлелдеумен әлек.

Орал тұрғыны Игорь Бакалкин 2018 жылғы күзінде сәйкестендіру нөмірін қалпына келтіру туралы өтініш жасады. Алайда, қандай да бір түсініксіз себеппен оны 2010 жылы қайтыс болғандар тізіміне енгізіп қойған.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу