Әлеуметтік қамқорлық масылдыққа алып келмеуі керек - Гүлшара Әбдіқалықова - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуметтік қамқорлық масылдыққа алып келмеуі керек - Гүлшара Әбдіқалықова

01.04.2019

Көпбалалы отбасылардың мәселесі Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия отырысында да қаралды. Гүлшара Әбдіқалықова аз қамтылған отбасыларды қолдау қажеттігіне тоқталды. Алайда, әлеуметтік қамқорлық масылдыққа алып келмеуі керектігін ескертті. Мемлекеттің басты міндеті - тұрғындарды жұмыспен қамтып, табыс табуға жағдай жасау. Жиында Ақмола облысында атқарылып жатқан жұмыстар да талқыланды. Аймақта көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету мақсатында бірнеше жоба қолға алынған. Көкше жерінде 14 мыңнан аса көп балалы отбасы бар. Оларға мемлекеттік көмектен бөлек бір реттік көмек қаржы үлестіру үшін жергілікті қазынадан 700 млн. теңге бөлінген.  

 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу