Солтүстік Қазақстан облысының Уәлихан ауданы, Қаратал ауылының 33 тұрғыны қауіпсіз жергі көшірілді. Бір сағат бұрын шұғыл баспасөз мәслихатын ұйымдастырған Төтенше жағдайлар комитетінің мамандары осындай ақпарат таратты. «Қазгидромет» мәліметіне сай алдағы күндері ШҚО, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстарында көп мөлшерде ылғал түседі. Бұл өзен-көлдердегі су мөлшерін көбейте түседі деген қауіп бар.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ