Теріскейде тасқын қаупі күшейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теріскейде тасқын қаупі күшейді

01.04.2019

Ақмола облысындағы «Сілеті» су қоймасынан кейінгі жағдайдан кейін  Теріскейде тасқын қаупі күшейді.  Уәлиханов ауданына қарасты Қулыкөл мен Қаратал ауылдарын жалғап жатқан жолды су шайып кеткен. Калиновка мен Краснокиевка ауылына апаратын жолдың жайы да солай. Ал, Тайынша  мен Ақжар аудандарындағы магистраль үстін бірнеше жерден бұзып өткен.  Қазір Төтенше жағдайлар қызметкерлері  мен жергілікті тұрғындар суды бұру,  бөгет салу жұмыстарын жүргізуде. Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың басшылығымен   жедел штаб құрылды. Тасқынға тосқауыл қою жұмыстары  жүргізіліп жатыр.

Рамиль Камалов,  облыстық ТЖД бастығы:

Облыс және аудандық жолдардың 7 учаскесін су басты. Бұл жыл сайын су алатын жерлер. Қазір полиция қызметкерлері бұл жерлерге бекет ұйымдастырып, жолаушыларды айналма жолмен өткізіп жатыр. Жалпы, облыс бойынша көлік қатынасы тоқтаған жоқ. Сергеев су қоймасында су деңгейі көтеріліп жатыр, бірақ, әлі мұз қозғалған жоқ. Ұдайы мониторинг жүргізіп отырмыз.

 

Сағындық СӘБИТҰЛЫ                         

Хабарламаларға жазылу