Бұл мәселе «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында өткен жиында талқыланды. Сондай-ақ, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бастамалар әкімшілік кедергілерге көп тап болады екен. Бұл бизнестің дамуын ілгерілетпей отыр. Кәсіпкерлер туризм, жол құрылысы, сумен жабдықтау сынды салаларда сыбайлас жемқорлық белең алып отырғанын айтады. Соның салдарынан әлеуметтік-экономикалық аймақтардың инфрақұрылымын салу бойынша үш жылда бірде-бір жоба жүзеге аспапты. Бүгінгі кеңес отырысында осы түйткілдердің түйіні айтылды.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ