Атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізудің тәртібі түсіндірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізудің тәртібі түсіндірілді

29.03.2019

Елбасы жариялаған «Әлеуметтік қамқорлық» шаралары туралы халықты ақпараттандыру жұмыстары жалғасуда. Вице-премьер бастаған жұмыс тобы Ақмола облысының ауылдарын аралап, тұрғындармен кездесу өткізуде. Кенесары ауылында 30-дан астам көпбалалы және аз қамтылған отбасы тұрады. Оларға атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізудің тәртібі түсіндірілді.

Сондай-ақ, жекелеген мәселелері тыңдалып, сұрақтарына жауап берілді. Әрбір адамның мәселесі бойынша жергілікті жердегі жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берілді. Денсаулық сақтау, білім салалары бойынша атқарылатын ауқымды істер туралы ақпарат берілді. Кәсіпкерлік негіздерін оқып, шағын бизнес бастаудың жолдары нұсқалды. Десек те, айтылып жатқан проблемалар да аз емес. Мәселен, кездесуге келген жұртшылықтың көбі баспана мәселесін тілге тиек етті. Мемлекеттік бағдарлама арқылы тұрғын үй алудың тәртібі туралы кеңес сұрады.

Шенеуніктер кешке дейін бірнеше ауылды аралайды, оның қорытындысы бойынша нақты шешімдер қабылданбақ.

Ербол МӘНДІБЕК

 

Хабарламаларға жазылу