Енді аз қамтылған және көпбалалы отбасылар азық-түлік пен киім-кешекті тегін алады. Аудан орталығы Ақсу-Аюлы елді мекені бойынша қазір 30 жанұя осындай көмекке мұқтаж. Оларға әлеуметтік қорғау бөлімінен арнайы талон беріледі. Сол арқылы дүкеннен сауда жасайды.
Ай сайын әр отбасыға 40 келіге дейін азық-түлік алуға болады. Бір қап ұн, картоп, макарон өнімдері, тағы басқа күнделікті тұтынатын тағамдар. Мұнда киім-кешектің де сан түрі самсап тұр. Дүкен қожайындары әзірге 5 айға жететін қор бар екенін айтады. Ал, керегін тұрғындар журналға тіркеп кетеді. Жомарт жандар мұндай тегін дүкендерді Ағадыр, Мойынты, Сәкен Сейфуллин елді мекендерінде де ашпақ.
Индира Берікбосынова, көпбалалы ана:
- Бізге тәртібін айтты. Әр балаға аяқ киімнен, үстіне киетін сырт киімнен және тамақпен қамтамасыз етеді. Ризамыз, алғысымыз шексіз.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ